Аймақтар • 23 Қыркүйек, 2021

Алматыдағы бассейнде балалар уланып қалды

424 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы бассейннің бірінде балалар хлор буымен уланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыдағы бассейнде балалар уланып қалды

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балалар 23 қыркүйек күні таңертең көмекке жүгінген.

«23 қыркүйекте сағат 10:30-да жедел медициналық жәрдем бригадалары түшкіруге шағымдары бар пациенттерді жеткізді. Олар хлор буымен уланған. Барлығының жағдайы тұрақты, бейінді бөлімшеге жатқызылды», делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Алмалы ауданының санитарлық дәрігерлері аталған факті бойынша тергеу жүргізуде», деп нақтылады Сәдуақас Байбағұлов.