Қазақстан • 23 Қыркүйек, 2021

Бюджет қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне өзгереді

694 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Үкіметі қаулысының жобасы әзірленді, онда азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бюджет қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне өзгереді

Атап айтқанда, азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің тарифтік мөлшерлемелері:

  • жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан басқа, білім беру ұйымдарының педагогтері;
  • мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, жұмыспен қамту орталықтарының басқарушылық, негізгі персоналдарының қызметкерлері;
  • медицина және фармацевтика қызметкерлері МдҰ-ның белгіленген мөлшеріне түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады:

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,23;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,45;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,71;
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2,0 мөлшерінде.

Құжаттан көрініп тұрғандай, ұйымдар қызметкерлерінің тарифтік мөлшерлемелері атқаратын лауазымдарын функционалдық блоктарға жатқызуға және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, берілген біліктілік разрядтарына (жұмысшылар үшін) қарай есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді базалық лауазымдық айлықақы мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады.

Педагогтердің жекелеген санаттары үшін тарифтік мөлшерлемелер аптасына белгіленген оқу жүктемесі негізінде айқындалады.

Заңнамаға сәйкес ерекше мәртебе берілген мемлекеттік жоғары оқу орындарының мамандары мен қызметшілерінің тарифтік мөлшерлемелері МдҰ-ның белгіленген мөлшеріне арттыру коэффициентін қолдана отырып айқындалады.

Қаулыны 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізу жоспарлануда.

Құжат жобасы 6 қазанға дейін «Ашық НҚА» сайтында жария талқылау үшін орналастырылған.