Қоғам • 23 Қыркүйек, 2021

Бұрынғы вице-министр Руслан Еңсебаевқа қатысты үкім шықты

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда бұрынғы қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаевқа қатысты үкім шықты, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Бұрынғы вице-министр Руслан Еңсебаевқа қатысты үкім шықты

Руслан Еңсебаев пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

«Руслан Сәтбекұлы Еңсебаев Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және осы бап бойынша төрт жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейді, сондай-ақ мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылады. 

Үкім заңды күшіне енгенге дейін кепіл түрінде таңдалған бұлтартпау шарасы күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына өзгертілсін. Бірден қамауға алынсын. Кепіл кепілгерге қайтарылсын. Бас бостандығынан айыру түріндегі жаза мерзімін, қамауда ұстау уақытын 2021 жылдың 23 қыркүйегінен бастап үкім заңды күшіне енгенге дейін 1 тәулік мөлшерінде 1,5 тәулік мерзімінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеу кезін белгілеу», деді №2 аудандық сотының судьясы Бақытжан Есенов.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.