Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жария еткен «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін өңірде өмір сапасын жақсарту бойынша міндеттер іске асырылады. Мәселен, 3,5 млн шаршы метр тұрғын үйді енгізу, 80 мың жұмыс орнын аша отырып, 245 жаңа және қолданыстағы кәсіпорындарды іске қосу және кеңейту, ауыл халқын, яғни жарты миллионға жуық тұрғынды 100% сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, 103 мектеп салу және жөндеу, сондай-ақ тағы басқа шараларды іске асыру жоспарланған.
8 айдың қорытындысы бойынша 475 индикатордың 27%-ті орындалды. Мысалы, 379 мың шаршы метр тұрғын үй, 209 км сумен жабдықтау желісі, 111 км газ құбыры салынып, жөнделді. Жыл соңына дейін Көкшетауда 6 жаңа мектеп және №1 мектеп-гимназияға іргелес 600 орындық жапсаржай пайдалануға енгізілетін болады. 14 мыңдай жаңа жұмыс орындары ашылды.
«Ақмола облысының әкімі, филиал төрағасы Ермек Маржықпаевпен бірге Nur Otan-ның сайлауалды бағдарламасына сәйкес Бұланды ауданында салынып жатқан бірқатар кәсіпорында болдым. Мәселен, Макинск құс фабрикасын жаңғырту кәсіпорынның өндірісін арттырып, өнімін экспорттауды ұлғайтуға, сондай-ақ қосымша 700-ден астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Содан кейін Макинск қаласында «Бота-2015» ЖШС-ның қуаттылығы тәулігіне 600 тонна шикізатты өңдейтін жаңа май зауытының құрылысымен таныстым. Инвестиция көлемі 5 млрд теңгені құрап, 80 жаңа жұмыс орнын ашады», деп жазды Facebook-тегі парақшасында Бауыржан Байбек.
Жалпы, таяудағы 5 жылда Nur Otan аграрлық секторда 500 мың адамға дейін жұмыспен қамтамасыз ету жөнінде міндет қойып отыр. 2025 жылға қарай ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемін 1,3 есе, еңбек өнімділігін – 2,5 есе, ал экспортты өңделген өнімнің үлесін 70%-ке жеткізе отырып, 2 есе ұлғайтуды жоспарлауда. Бұл елді өзі өндірген негізгі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етеді.
Сол күні Бауыржан Байбек Көкшетауда Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында партияның сайлауалды міндеттерінің орындалуы бойынша онлайн-форматта кеңес өткізді.
Оң нәтижелерге қарамастан, жекелеген сайлауалды уәделер бойынша жыл соңына дейін орындалмай қалу қаупі бар. Бұл 60% жағдайда жете қаржыландырмауға байланысты. Мәслихаттардағы фракцияларымыздың жетекші рөлін ескере отырып, ол 3 жылдық кезеңге арналған жергілікті бюджет жобаларын қарау кезінде аталған мәселелерге ерекше назар аударуды тапсырды.
«Сондай-ақ, жекелеген аудандар мен қалаларда жобалық құжаттаманың дайын болмауына, жер учаскелерінің, рұқсаттардың және т.б. болмауына байланысты орындалмай қалу қаупі бар. Осы мәселелердің барлығы нақты шаралар қабылдана отырып, партия жанындағы кеңестердің талқылауына шығарылатын болады. Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, біздің негізгі міндетіміз – барлық сайлауалды уәделерді орындау. Nur Otan нақты істер партиясы ретінде қазақстандықтардың артқан сенімін ақтау үшін қолда бар бүкіл ресурсын жұмылдырады», деп түйіндеді партия Төрағасының Бірінші орынбасары.
Nur Otan Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Саяси кеңестің кеңейтілген отырысы қарсаңында Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 216 өңірлік сайлауалды бағдарламаның іске асырылу барысымен танысу үшін аудандарды да қамти отырып, аймақтарды аралауға шықты. Бүгін ол Ақмола облысында бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарағанды облысында алты жасар бала мұзға батып кетті
Төтенше жағдай • Бүгін, 16:22
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Бүгін, 15:45
Семейде 22 жастағы жігітті азаптап өлтірген күдікті 12 жылға сотталды
Қылмыс • Бүгін, 15:20
Қар, көктайғақ және тұман: Қазақстанда ауа райы күрт құбылуы мүмкін
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Мәдениет • Бүгін, 14:10
Шымкентте екі қабатты мейрамхана өртке оранды
Шымкент • Бүгін, 13:33