Қазақстан • 23 Қыркүйек, 2021

Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы кеңестің кезекті отырысы өтті

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қоғамдық кеңестің төрағасы Дархан Мыңбайдың басшылығымен онлайн-форматта «ZOOM» арқылы Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы кеңестің кезекті отырысы өтті

Отырыс тақырыбы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шараларына арналды.

Шара барысында Президенттің Жолдауын іске асырудың ауылдық жерлердегі азаматтық бастамаларды қолдаудың тиімді тетігін әзірлеу, Қазақстандағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасына әйелдердің қоғамдағы құқықтары мен мүмкіндіктерін көтермелеу және ілгерілету бөлігінде өзгерістер енгізу сияқты маңызды мәселелері қозғалды.

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысын ағымдағы жылдың желтоқсан айында өткізу жоспарланып отыр.