Өнер • 23 Қыркүйек, 2021

Бояулар құпиясы ашылғанда...

689 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Балғын қылқалам шеберлерінің «Бояулар құпиясы» атты респуб­ликалық дәстүрлі байқауынан Қарағанды облысының намысын қорғаған қос суретші жүлдемен оралды.

Бояулар құпиясы ашылғанда...

Олардың бірі – Жезқазған қала­сындағы өнер мектебінің сегізінші сынып оқушысы Аяла Қуаныш «Жас суретші» аталымы бойынша бірінші жүлдені жеңіп алса, Қарағандыдағы №2 лицейдің оқушысы Яна Иваночкина «Коллаж» жанры бойынша екінші орынды иеленді.

в

«Сарыарқа дарыны» балаларға арналған қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығының әдіс­кері Гүлназ Мананбаева екі жас сурет­шінің де болашағы зор екенін айтады.

«Аталған байқауға облысымыздан сегіз суретші қатысты. Ал Аяла мен Яна ұсынған жұмыстардың шынында да жоғары талғаммен орындалғанын айта кеткен жөн. Алдағы уақытта біз дарынды өрендердің шығармашылығын жіті  қа­да­ғалайтын боламыз», дейді ол.

аа

Биылғы байқау Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойын атап өту аясында ұйымдастырылып, үміткерлер өз туындыларын «Тәуелсіз Қазақстан – балалар көзімен» ұраны бойынша ұсынғанын айта кеткен ләзім.

Жалпы, аталған өнер сайысына елі­­міздің түпкір-түпкірінен 136 жас сурет­ші қатысқан болатын. Байқауда жеңім­паз және жүлдегер болған таланттар дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.