05 Ақпан, 2014

В.Челахқа қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі қадағалау алқасы өмір бойы бас бостан­­­­­­ды­ғы­нан айыруға сотталған Владислав Челахтың өтінішін қарады. Аталған өтініш өмір бойы бас бостанды­ғынан айыруға сотталған адамның өтініші ретінде Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 459-бабы 2-бөлігінің талаптарына сәйкес сот қадағалауы тәртібімен қаралды. Сот отырысында барлық қатысу­шылардың сөздері тыңдалды, қорғаушы тараптардың дәлелдемелері мұқият зерттеліп, оған тиісті баға берілді. Қылмыстық істің материалдарын талдау және зерттеу нәтижесі бойынша, қолда бар дәлелдемелер, оған қатысты шығарылған сот актілері негізді және заңды деп танылып, В.Че­лахтың сот актілерін қайта қарау туралы өтініші қанағаттандырусыз қалдырылды, деп хабарлады Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі.
Соңғы жаңалықтар