05 Ақпан, 2014

Комиссияның кезекті отырысы

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбас­шы­­­­сының басқармасында сы­­­­­бай­лас жемқорлыққа қарсы заңнама­ны орын­дау, әскери қызмет­шілердің белгіленген норма­ларды, шектеулер мен міндеттемелерді сақ­тау жөнін­дегі комиссияның отырысы болып өтті. Әскери полиция бас басқармасының өкілдері әскери қызметшілермен жемқор­лыққа қарсы қызметтік мінез-құлық стан­дарттарының сақталу мәселелері бойынша сабақ өткізді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру міндетін белгілеп берді, сондай-ақ, мінсіз мінез-құлқымен және жоғары кәсіби деңгейімен ерекшеленуге тиіс зор өкілеттілік пен құқық иеленген шенділерге назар аударған болатын. Комиссия отырысы барысында «сенім теле­­­фондары» бойынша азаматтардың өтініш­терімен жұмыс істеуге ерекше назар аударылды, сыбайлас жемқорлық туралы ақпарат анық­талған жағдайдағы жауапкершілік түсіндірілді. Бұл комиссияның қызметі лауазымды адамдардың өз жұмысы үшін жауапкершілік дәрежесін арттыруға және оны одан әрі мөлдір етуге бағытталған. «Егемен-ақпарат».
Соңғы жаңалықтар