Тарих • 24 Қыркүйек, 2021

Алматылықтар Сағадат Нұрмағамбетовты еске алды

548 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, тәуелсіз еліміздің тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов тұрған үйдің жанындағы мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz.

Алматылықтар Сағадат Нұрмағамбетовты еске алды

«Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов – ел әскерінің мақтанышы әрі армияның іргетасын қалаушы. Ол ҚР Қарулы Күштердің барлық жауынгеріне табандылықтың, батылдықтың және Отан алдындағы антына шын берілген тұлғаның үлгісі. Біз оның кітаптарын, естеліктерін, майдандағы ерлігі мен бейбіт уақыттағы жанқиярлық еңбегін біліп өстік. Ол өзіне тән қайсарлық, мақсат қойғыштық және әскери антқа адалдық секілді қасиетінің арқасында Қазақстан әскері мұрасын сақтап қана қоймай, оны дамытты», деді Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Раджан Жанысов.

Шараға гарнизон басшылығы мен әскери қызметшілері, Қарулы Күштердің ардагерлері, Әскери-техникалық мектептің курсанттары мен оқытушылары және Халық Қаһарманының қызы Айсұлу Сағадатқызы Нұрмағамбетова қатысты.