Тараз қаласының әкімдігі бас жоспарға биыл да сілтеме жасай отырып, жаңа қонысқа көшу мәселесін үнемі кейінге қалдырып келе жатқан «Шахристан» мен «Тәжібай» базарындағы сатушыларға тез арада көшу керектігін тағы ескертті. Өйткені, бұл екі базардың астында да көне қаланың жәдігерлері көмулі жатыр. Мысалы, тарихи терминдерге жүгіне отырып айтсақ, көне шаһардың «цитаделінде» патшалар, хандар, уәзірлер өмір сүрсе, «шахристанда» көпестер мен жер иеленушілер тұрған деседі. Ал «рабадта» он саусағынан өнер тамған қолөнершілер еңбек еткен екен. Сонау есте жоқ ескі замандарда бұл жерде керуен сарайлар, шеберханалар, кішігірім сауда орындары болған дейді. Сондықтан, тарихына 2000 жылдан асқан абыз қаланың бет-бейнесін кейінгі ұрпаққа толыққанды түрде көрсетуге күш салаған жергілікті билік «цитадель», «шахристан» және «рабадтың» үстіне орналасқан үлкен-үлкен үш базардың орнына қазба және құрылыс жұмыстарын бір мезгілде жүргізу қажеттігін айтады. Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев жақында Алматыдағы Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының директоры Карл Байпақовпен жан-жақты әңгімелесіп, көне шаһардың орнындағы қазба жұмыстарын одан әрі жалғастырып, туристерді қызықтыратын көне жәдігердің құрылыс жұмыстарын биылдан бастау керектігін сөз етуі де сондықтан. Ендеше, «Төлебай» базарының соңынан «Шахристан» мен «Тәжібай» базарларының да көшіп, тәуелсіз елдің көне тарихын дәріптейтін мәдени орынды у-шусыз босатқаны заңға томпақ келмейтін сияқты. Ол үшін Тараз қаласының әкімі Нұржан Календеров пен оның орынбасарлары игілікті істі бейбіт бітіру үшін сауда-саттық иелерінің ешқайсысы да далада қалмайтынын, оларды жаңа базар иелері құшағын жайып күтіп отырғандарын түсіндіруде. Мысалы, сондай жаңа базарлардың бірі – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаров атындағы көшенің аяқ жағына орналасқан екен. «Орталық базар» деп аталатын ол қазіргі заман кәсіпкерлерінің талабына сай инфрақұрылымдармен толық қамтамасыз етілген. Біз өңір экономикасы мен оның әлеуметтік жағдайының дамуына айтарлықтай үлес қосып жүрген белгілі кәсіпкер, базар иесі Алтынбек Садырбаевпен сөйлесіп, көшіп келіп жатқан сауда-саттық иелеріне қандай жағдай жасалғанын сұраған едік.
– «Орталық базар» сатушылар мен тұтынушылардың барлық талаптарына сай. Тіпті, автобекетке дейін бар. Облыстың аудандарына, қала ішіне және халықаралық бағыттарға қатынайтын автобустар да жеткілікті. Олардың жұмыс режімі де жолаушылар ыңғайына орай реттелген, – деді ол.
Көне қаланың үстіне салынған базарды жаңа орынға көшіру туралы мәселе туындаған кезде жергілікті биліктің ұсынысын қолдап, жаңа базар салуға белсене кіріскен кәсіпкердің бірі де осы Алтынбек Садырбаев болатын. Өйткені, ол болашақта облыс экономикасының дамып, ал оның орталығының аумағы ұлғайып, тұрғындар саны өсіп-өнетініне сенді. «Көне Тараз» сияқты тарихи кешеннің облыс мәдениетінің алтын бесігіне айналатынын да құптады. Сондай-ақ,«Орталық базар» иесі:
– Екі күннің ішінде «Шахристан» мен «Тәжібай» базарынан 2000-ға жуық сатушы-кәсіпкер келіп, өздеріне қажетті орындарды иеленді. Біз олардың көшу барысында қаржылық тұрғыдан қиындыққа ұрынып, кәсіптеріне зиян келмеу үшін жергілікі билікпен келісе отырып жалға алған бутиктері үшін алты айға дейін ақы алмауға келістік. Олар осы жарты жыл ішінде тек электр қуатының ақысын төлеп тұрса болды, – деген.
Базар қажеттілігі мен рухани қажеттілікті салыстыруға болмайды. Мәңгілік Ел саясатын жүзеге асыру үшін базардағы сауда-саттық иелерінің де білімді, мәдениетті болғаны абзал. Сондықтан ел өркениеті үшін жасалып жатқан игілікті істі базардағы сауда-саттық иелері де түсініп, қолдай бастаған сыңайлы.
Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан».
Жамбыл облысы.
Суретте: Тараздағы жаңадан салынған Орталық базар.

Әйелдер күресінен Бішкекте жалғыз жүлдені қанағат тұттық
Күрес • Бүгін, 17:20
Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Бүгін, 16:34
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 15:42
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Бүгін, 15:22
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 14:50
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Бүгін, 14:23
2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды
Ғылым • Бүгін, 13:55
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Бүгін, 13:23
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Бүгін, 12:25
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Бүгін, 12:10
Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20