Елорда • 25 Қыркүйек, 2021

Елордада Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде

711 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері Нұр-Сұлтандағы жәрмеңкеде өз өнімдерін ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде

Жәрмеңке дәстүрлі түрде «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда өтіп жатыр.

«Елорда тұрғындарына облыстың тауар өндірушілері ет, сүт, шұжық өнімдері, көкөніс, бақша өнімдері, жұмыртқа, ұн және т.б. ұсынады. Қала тұрғындары таңертеңнен бастап азық-түлік сатып алып жүр. Бүгінгі жәрмеңкедегі тауарлардың бағасы нарықтық бағадан 15-20% төмен, сапасы өте жоғары, таңдауы да үлкен», дейді Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Исатай Еспағамбетов.

я

Күзгі салқынға қарамастан, Ақтөбе облысының тауар өндірушілері елордаға жеміс-жидек, соның ішінде қауын, қарбыз, құлпынай, таңқурай әкелді.

а

«Ауа райы суық. Енді бір аптадан кейін таңқурай да, құлпынай да аяқталады. Біз елордаға жидектердің соңғы партиясын жеткіземіз деп айта аламыз», дейді сатушы Умида.

а

Ақтөбе облысы елордадағы жәрмеңкеге барлығы 197,2 тонна өнім жеткізді. Оның ішінде: ет және ет өнімдері - 60 тонна, картоп және көкөністер - 61 тонна, сүт және сүт өнімдері - 16 тонна, өсімдік майы - 1 тонна, жұмыртқа - 17,2 мың дана, балық - 5,3 тонна, бал - 0,5 тонна, шұжық өнімдері - 8 тонна, ұн және макарон өнімдері - 8,5 тонна және өзге де өнімдер - 19,7 тонна.

ет

к

а