Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2021

Балалар алаңындағы ТЖ: бала есін жиды

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дәрігерлер баланың жағдайын тұрақты деп бағалады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Балалар алаңындағы ТЖ: бала есін жиды

«Бала комадан шықты. Жағдайы жақсарып, тұрақты деп бағалануда», деді БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, 25 қыркүйекте тоғыз жасар бала Орал қаласындағы Громова көшесінде орналасқан ойын алаңында ойнап, жаттығу арқанына оралып қалған. Ол ауруханаға «тұншығу» диагнозымен жеткізілді.