Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі оқиғаның 26 қыркүйекте болғанын айтты.
«Сегізінші гейтте жылыту құбырының кабелі істен шықты. Бұл халықаралық терминал. Түтін гейттен терминалға тарады. Сол уақытта гейтте жолаушылар болған жоқ, тиісті қызметтер жедел әрекет етті. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ», деп хабарлады Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы Анвар Шалекенов.