Мигранттар Түркиядан заңсыз жолдармен шығып кетпек болған. Бірақ оларды жағалау күзеті қызметінің қызметкерлері байқады.
Ұсталғандар Ауғанстан, Ирак, Иран, Сирия, Пәкістан және Бангладеш азаматтары. Барлығы жандармерияның аудандық басқармасына жеткізілді, бұдан әрі олар Мугланың миграциялық басқармасына жіберіледі.
Түркия аумағын заңсыз тастап шығу әрекетін ұйымдастырушыларды іздестіру жұмыстары жүргізілуде.