Велосипедшілер арасындағы жылдың басты турнирін ерлер арасындағы топтық жарыс жапты. Антверпен мен Левен арасында ұзындығы 268,3 км, 42 қысқа көтерілу және жалпы биіктігі 2562 м болатын маршрут салынды.
Жарыс жеті сағатқа созылды. Оны француз Жюлиан Алафилипп жеңіп алды. Онымен бірге подиумға Дилан Ван Барле (Нидерланды) және Михаэль Вальгрен (Дания) көтерілді.
Айта кетсек, француз велопрофи бір жыл бұрын да осы қашықтықта ең озық атанды.