Алматылық «Қайрат» қарағандылық «Шахтермен» өткізген ойында чемпион титулын қорғады. Құрбан Бердіевтің шәкірттері серб легионері Рада Дугаличтің голының арқасында кездесудің 89-минутында ғана жеңілістен құтыла алды. Ал бұған дейін 13 минут бұрын қожайындар Идрис Умаевтың күшімен осы матчта есеп ашты. Нәтижесінде жекпе-жек 1:1 есебімен аяөталды.
Қалған екі матч нәтижелері:
«Қызылжар» - «Тұран» - 0:1
«Ақтөбе» - «Жетісу» - 2:0
22-турдың қалған кездесулері 27 қыркүйекте өтеді:
«Ақжайық» - «Қайсар»;
«Астана» - «Тараз»;
«Атырау» - «Тобыл»;
«Ордабасы» - «Каспий».