Әлем • 27 Қыркүйек, 2021

Түркия мен Ресей кемелері апатқа ұшырады

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенбіде Ыстанбұлдағы  Йеникөй ауданының жаға­ла­уында Түркия және Ресей мем­лекеттеріне тиесілі жүк ке­мелері соқтығысты.

Түркия мен Ресей кемелері апатқа ұшырады

Жағалау полициясы басқармасының айтуынша, қазір екі кеме де Бүйікдере ауданының жағалауына әкелініп, шынжырланып байланды.

Түркияға тиесілі Tahsin İmamoğlu 90 метрлік жүк кемесі Коджаели провинциясынан Қара теңіз жағалауындағы Карадениз Эрегли өнеркәсіптік портына бағыт алған. Ал ресейлік Rusich -100 128 метрлік кемесі Бурса провинциясының Гемлик ауданынан Ресейге бара жатқан. Екі жүк кемесі Босфор бұғазында соғысып қалған. Кемелерге апаттан кейін су жинала бастағаны да хабарланды.

Оқиға орнына KIYEM-5, KEGM-3, KURTAR­MA-11 катерлері және 14 буксирлік кеме аттан­ды­р­ыл­­ды.

Ресей агенттігінің хабарлауынша, бұл жалғыз оқиға емес. Сол күні таңертең 140 метрлік  «Волж­ский-40» жүк тасушы кемесі де апатқа ұшы­ра­ған. Ақпаратқа сүйенсек, көлік Түркияның Теридаг қаласынан Ресейге беттеп келе жатқанда Бос­фор бұ­ғасында балық аулаушылар кемесімен соқ­ты­ғыс­қан. Қазір ол жүк кемесі де тұраққа апарып байланған.

Екінші оқиғаға да Түркия Жағалау полиция­сы KIYEM-8, KEGM-3 катерлерін жіберген. Олар кемелерді судан тазартқан. Одан бөлек, KURTARMA-11 буксирлік кемесі де апат орнына жі­берілген.

Жараланғандар мен қаза тапқандар туралы ақпа­рат болмағанымен, екі тарап та үлкен шығынға ұшырағаны мәлім болды.