Нұр-Сұлтанда жасыл белдеу аумағында ат спорты кешенінің құрылысы аяқталды. «Туристік маршрут» деп аталатын жаңа нысан (жасыл белдеу аумағындағы атпен жүруге арналған соқпақ жол) қала тұрғындары мен қонақтары үшін ең тартымды орындардың біріне айналады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Енді жұртшылық шаһар маңындағы жасыл белдеуді атпен аралай алады. Орман аумағында қала әкімдігінің бастамасымен жалпы ұзындығы 13,2 шақырым болатын атпен жүруге арналған соқпақ пайдалануға берілді. Жасыл белдеуде атпен серуендегісі келгендер арнайы орынға келіп, белгілі бір уақыт аралығына жылқыны жалға алуы керек. Мұнда оларға атпен серуендеуге арналған қорғаныш киімдері беріліп, қауіпсіздік ережелері түсіндіріледі.
«Атпен жүруге арналған соқпақта қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіз демалысы үшін барлық жағдай қарастырылған. Атап айтсақ, нысан аумағында 5 демалыс аймағы, автотұрақ, модульдік әжетханалар бар. Бейнебақылау камералары да орнатылған. Соқпақта атпен серуендеу қызметі жыл он екі ай көрсетіледі. Аттарды күтіп-баптау, келушілерге қызмет көрсету бағытында 15 жаңа жұмыс орны ашылды. Мұнда келушілерге табиғат аясында таза ауада атпен серуендеумен бірге атқа мінуді үйрету қызметі де ұсынылады. Жақында әлеуеттік жоба аясында денсаулығында ақауы барларға арнап, иппотерапия қызметі іске қосылмақ», дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының бөлім басшысы Қыдыр Жиенәлі.
Серуендеуге арналған аттар «Тайтөбе» ауыл шаруашылығы коопертивінің меншігі. Кооператив төрағасы Мұрат Қасымов та туристерге қызметтің ерекше түрін ұсынудағы жоспарымен бөлісті.
«Қазір мұнда 15 ат бар. Олардың қатарын иппотерапияға арналған жылқылармен толықтыруды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар балаларға арнап понилер әкелеміз. Аттардың мінезі әрқилы. Сәйкесінше келушілердің арасында да бұрыннан атқа мініп жүргендер немесе енді үйренгісі келетіндер де табылып жатады. Олар арнайы нұсқаушының көмегімен атқа мінуді үйреніп шығады. Сондай-ақ жаз айларында арбаға, қыста шанаға жегуге арналған аттар да бар. Бір сөзбен айтқанда кез-келген талғамдағы тұтынушының көңілінен шығуға барымызды саламыз. Атпен серуендеуден бөлек қоғамдық тамақтану орны, қымызхана да ашамыз», дейді кооператив төрағасы.
Елорданың жасыл белдеуі еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен 1997 жылы қаланы желден қорғау және халықтың өмір сүруі үшін қолайлы климат қалыптастыру мақсатында құрылды.
Бір сөзбен айтқанда, жасыл белдеу аумағы табиғат аясында елорда маңында ат үстінде демалыс өткізгісі келетіндер үшін таптырмас орын болады.
Айта кетейік, «Туристік маршрут» деп аталатын жаңа нысан (жасыл белдеу аумағындағы атпен жүруге арналған соқпақ жол) орналасқан жасыл белдеу – қала қалқаны. Оның аумағында 12,1 млн-нан астам ағаш пен бұта өседі. Сол сияқты мұнда қоян, түлкі, қарсақ, кекілік, қырғауыл және т.б. тіршілік етеді.
Қаланың климаты тым континентті екенін ескерсек, «жасыл белдеу» экологияны айтарлықтай жақсартып қана қоймай, климаттық жағдайды жұмсартуға мүмкіндік береді.
Үлестік құрылыс проблемалары қалай шешіледі?
Экономика • Бүгін, 00:57
Үкімет • Бүгін, 00:49
БҰҰ-ның Жаһандық шартына қосылды
Экономика • Бүгін, 00:34
Болашағымызға бейқам қарамайық
Қазақстан • Кеше
Әлеуметтік қойылым ЖИТС құрбандарына арналды
Аймақтар • Кеше
Қазақ сыныбы неге қағажу көре береді?
Білім • Кеше
Үш буынды модель: Тергеу сапасы мен жеделдігі артады
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Ағатай, жан қалтаңда құртың бар ма?»
Өнер • Кеше
Әдебиет • Кеше
Түрленген театрдың көрермені көбейді
Театр • Кеше
Иса ақынның сүйіншіге берген домбырасы
Қазақстан • Кеше
Экология • Кеше
Экология • Кеше
Аймақтар • Кеше
Театр • Кеше
Өнер • Кеше
Үш өңірде қуаңшылық болады - Қазгидромет
Ауа райы • Кеше
Елорданың тағы бір көшесінде автобус жолағы пайда болады
Елорда • Кеше
Ереймен жеріндегі ежелгі нысандар
Руханият • Кеше
Журналистерге жүлде жауған күн
Қазақстан • Кеше
Бірнеше өңірде 44-45 градус ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай кең көлемді іс-шара ұйымдастырылады
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Air Astana компаниясын IPO-ға шығару кейінге қалдырылды
Қазақстан • Кеше
Кен игерушілер пайдалы қазбаларды игеру салығынан босатылады
Қазақстан • Кеше
Шілдеде қазақстандықтар қанша күн демалады?
Қоғам • Кеше
Елорда тұрғынынан 40 келі есірткі заты табылды
Қоғам • Кеше
ҚазМұнайГаз акциялары AIX және KASE алаңында IPO-ға шығады
Қазақстан • Кеше
Әділет министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Павлодар облысында қант зауыты іске қосылады
Аймақтар • Кеше
Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды
Аймақтар • Кеше
Алматы тұрғындарының саны өсті
Қоғам • Кеше
Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
ШҚО-да «BALKARAGAI TUNES» халықаралық музыка фестивалі өтеді
Аймақтар • Кеше
Павлодарда емханалардың жұмыс тәртібі өзгереді
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар