Әлем • 27 Қыркүйек, 2021

Қырғызстан Ташкент облысына дейін туннель салуға ниетті

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстанның Талас облысынан Өзбекстанның Ташкент облысына тікелей туннель салу жобасын қалпына келтіру жоспары жарияланды. Бұл туралы президенттің Талас облысы бойынша өкілі Бақытбек Нарбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қырғызстан Ташкент облысына дейін туннель салуға ниетті

Бұл жоба Кеңес Одағы кезінде жасалып, бірақ орындалмай қалған. 

«Біз жобаны қайта бастау үшін инвесторларды іздейміз. Туннельдің ұзындығы 5,7 км болуы керек. Егер ол салынса, Талас пен Ташкент арасындағы қашықтық 630 км-ден 120 км-ге дейін қысқарады. Бұл айтарлықтай ұтымды. Қазір Талас өңірі тек Қазақстанмен экономикалық байланыста. Бірақ туннель салынғаннан кейін Өзбекстанмен сауда, туризм және т.б. бағыттарда қарым-қатынас артады. Ташкент облысында 18 аудан бар, ал халқының саны 8 миллионға жуық. Бұл біз үшін жаңа нарыққа айналады. Туннель жобасы 1 миллиард сомға дейін есептелген», дейді Бақытбек Нарбеков.