Фото: Қорғаныс министрлігі
Ол қаза тапқан батырларға материалдық көмек сомасы нені құрайтынын түсіндірді.
«Болған оқиғаға байланысты Үкімет қайтыс болғандардың отбасына 10 миллион теңге аудару туралы шешім қабылдады. 5 миллион теңге жергілікті бюджеттен бөлінеді. Біз ерікті түрде бір күндік жалақыны жинап, арнайы есепшотқа аудардық. ҚР ТЖМ есебінен 5 миллион теңге тапсырылады. Сонымен қатар емделуге мұқтаж балаларға көмек беріледі. Мемлекет тарапынан міндетті сақтандыру қарастырылған - зардап шеккендердің отбасына 60 айлық ақшалай үлес төленеді. Яғни мұнда көптеген нюанс бар, мұрагерлік құқықты анықтаған соң аталған көмекті алады», деп қорытындылады министр.
Еске салсақ, 26 тамызда Жамбыл облысы, Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі қоймалардың бірінің жанында өрт болды. 17 адам қаза тапты.