Коронавирус • 27 Қыркүйек, 2021

Алматыда 82 бала коронавируспен ауырып жатыр

24 рет көрсетілді

Алматыда коронавирус жұқтырған 82 бала ауруханада жатыр, деп жазады Egemen.kz.

26 қыркүйек күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 485 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 432, симптомсыз – 53 науқас тіркелді. Барлық емделіп шыққандар – 72, келіп түскені – 121.

«Инфекциялық стационарларда 2 098 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –5230), оның ішінде 82 бала емделуде. Реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 202 адам жатыр», деп хабарлады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.

Ал 39 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 82 адам ем қабылдап жатыр.

High flow-да 55 аппарат жұмыс істейді. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 4864 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 4702 науқас. 162 адамда коронавирус белгілері жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Елорда «жасыл» аймаққа өтті

Коронавирус • Кеше

Ұқсас жаңалықтар