Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2021

ШҚО-да астыртын алкоголь өндіретін цех анықталды

24 рет көрсетілді

ШҚО полицейлері астыртын алкоголь өндіретін цехтың жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жедел іс-шаралар өткізу барысында полиция қызметкерлері Өскемен қаласындағы гараж кооперативтерінің бірінен алкоголь өнімдерін өндіру және құю цехын анықтады, оны облыс орталығының 56 жастағы тұрғыны ұйымдастырғаны анықталды.

«Гаражды тексеру кезінде тәртіп сақшылары бес литрлік және бір литрлік ыдыстарға құйылған шамамен екі тонна алкоголь өнімдері табылды. Сонымен қатар өндіріске қажетті құюға арналған заттар, сондай-ақ бос контейнерлер мен олардың қақпақтары тәркіленді», делінген мәліметте. Тексеру барысында күдіктінің спиртті сақтауға және өткізуге қандай да бір рұқсат құжаттары жоқ екендігі анықталды.

«Аталған факт белгіленген тәртіпте тіркеліп, жиналған материалдар тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін уәкілетті органға жолданды. ШҚО Полиция департаменті сертификатталмаған алкогольдің денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін екенін ескертеді», дейді облыстық ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Соңғы жаңалықтар

Доллар бағасы арзандады

Қаржы • Бүгін, 15:47

Ұқсас жаңалықтар