Қоғам • 27 Қыркүйек, 2021

Қазақстанда БАҚ үшін жаңа ұғым енгізіледі

403 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары үшін жаңа ұғым енгізіледі. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда БАҚ үшін жаңа ұғым енгізіледі

«Жаңа технологиялардың дамуына байланысты БАҚ-ты заңанмалық дамыту мәселесін пысықтап жатырмыз. Атап айтар болсақ, заңға өзгертулер енгізуді жоспарлап отырмыз. Оны журналистер қоғамдастығымен талқылаймыз және ол 2023 жылы қабылдануы мүмкін», деді ол «Astana Media Week – 2021» медиа апталығы аясындағы «Медианы дамыту стратегиясы» атты дөңгелек үстел барысында.

Оның айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдары үшін жаңа ұғым енгізілетін болады.

«Жаңа медиаға анықтама береміз. Бұл – интернеттегі барлық жаңа платформалар, дамушы ақпараттар. Оған іздеу жүйесін, ОТТ платформасы мен әлеуметтік желілерді жатқызамыз. Қазақстандағы жұмыс ережесін бекітеміз. Медиа-өлшем процедурасы заңнамалық тұрғыда енгізіледі. Біз үшін Қазақстанда медиа-өлшем жаңа технологияларды қолданумен болғаны және халықты 100 пайыз қамтығаны маңызды. Бұл барлық қазақстандықтың қандай медианы ұнататындығы түсінікті болуы үшін қажет», деді Кемелбек Ойшыбаев.