Қазақстан • 27 Қыркүйек, 2021

20 жыл іздеуде жүрген ресейлік қылмыскер Қазақстанда ұсталды

455 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кісі өлтіргені үшін 20 жыл бойы жасырынып жүрген ресейлік қылмыскер Павлодарда ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

20 жыл іздеуде жүрген ресейлік қылмыскер Қазақстанда ұсталды

Павлодар қаласында полиция қызметкерлері Ресей Федерациясының Пермь қаласында кісі өлтіргені үшін айыпталған 46 жастағы қашқын қылмыскерді ұстады.

Анықталғандай, 2001 жылы ер адам қызды өлтіріп, қылмыс жасағаннан кейін Павлодар қаласына келген.

«Ер адам айлакер болып шықты. Белгілі болғандай, ол фамилиясындағы бір әріпті әдейі өзгерткен. Қазіргі уақытта ол қамауда отыр», деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Ельдар Әбдікенов.

Айта кетері, жыл басынан бері Павлодар облысының полицейлері сот пен тергеуден жасырынып жүрген 74 қылмыстық қылмыскерді ұстады.