Әлем • 27 Қыркүйек, 2021

Қырғызстан Ауғанстаннан келгендер үшін жаңа қалашық салып жатыр

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Кіші және Үлкен Памир этникалық қырғыздары үшін жаңа қалашықтың құрылысына капсула салды. Қала Ош облысының Чоң-Алай ауданында салынады, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Қырғызстан Ауғанстаннан келгендер үшін жаңа қалашық салып жатыр

С. Жапаров жергілікті тұрғындармен сөйлесіп, қалған ауған қырғыздарын тарихи отанына көшіру ниетін тағы да баса айтты. Ол бұл мәселені жеке бақылауында екенін еске салды.

Оның айтуынша, болашақта бұл жерде памирлік қырғыздар қолайлы жағдайлармен өмір сүруі үшін 300-400 үй салынады.

Бұған дейін Кіші және Үлкен Памирден келген этникалық қырғыздардың ондаған отбасы тарихи отанына қоныс аударды, оларға азаматтық пен баспана берілді.