Қоғам • 27 Қыркүйек, 2021

БАҚ туралы заңды бұзған 6 шетелдік сайттың жұмысы тоқтатылды – ақпарат министрі

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аида Балаева БАҚ-та ақпарат тарату кезіндегі құқықбұзушылықтар жайлы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

БАҚ туралы заңды бұзған 6 шетелдік сайттың жұмысы тоқтатылды – ақпарат министрі

Министрдің айтуынша, елімізде БАҚ туралы заңды бұзған 6 шетелдік сайттың жұмысы тоқтатылды. «БАҚ-та әлеуметтік тақырыпты тарату, ел қоғамында маңызды рөл атқарады. Жоғарыда аталған заң бұзушылықтар туралы олардың басшылығына ресми хат жіберіліп, қателікті жою керектігі ескертілді. Тағы бір айтып өтетін жайт, заң тек БАҚ өкілдеріне арналмаған, жалпы халыққа арналған. Сондықтан әлеуметтік өткір тақырыптарды таратуда заңнан бөлек, әдеп, қоғам алдындағы жауапкершілікті ұмытпаған жөн», дейді ол.

Айта кетсек, AMW-2021 барысында халықаралық медиақауымдастық мүшелері ақпараттық күн тәртібінің өзекті мәселелерін көтереді. Іс-шараға беделді әлемдік БАҚ-тың топ-менеджерлері, мемлекеттік аппарат өкілдері, танымал журналисттер, документалистер және АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан блогерлері қатысады.