Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2021

Алматыда «Халық қаһарманы» Ғазиз Байтасовқа арналған ескерткіш тақта ашылды

427 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таразда теракт кезінде қаза тапқан «Халық қаһарманы» Ғазиз Байтасовқа арналған ескерткіш тақта Алматыда ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Алматыда «Халық қаһарманы» Ғазиз Байтасовқа арналған ескерткіш тақта ашылды

Осыдан он жыл бұрын Тараз қаласында қарулы лаңкесті ұстау кезінде ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкері Ғазиз Байтасовтың есімін ел есінде мәңгілікке сақтау мақсатында елімізде көптеген шаралар атқарылды. Батыр ұлға «Халық қаһарманы» атағы беріліп, жер-жерлерде Ғ.Байтасовқа арналған ескерткіш тақталар ашылды.

Бүгін аталған оқиғаның 10 жылдығына орай Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясында «Халық қаһарманы» Ғазиз Байтасовқа арналған бұрыштама тақта (стенд) ашылып, оған батырдың жұбайы арнайы шақырылды.

Алматы академиясының басшысы Айдар Сайтбеков пен марқұмның жұбайы Гүлжамал Махамбетқызы бұрыштама тақтаны салтанатты түрде ашты.

Жаңа ашылған бұрыштамаға оркестр әуенімен гүл қою рәсімін өткізген соң, академия ғимаратында экскурсия ұйымдастырылып, клубта оқытушы-профессорлық құраммен, курсанттармен кездесу өткізілді. Ғазиз Байтасовтың ерлігі жайлы деректі фильм көрсетілді.