Парламент • 27 Қыркүйек, 2021

Сенаторлар Орталық Азия елдері парламентшілерінің семинарына қатысты

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Бүкілқытайлық Халық Өкілдері Жиналысындағы Орталық Азия елдерінің парламенттері өкілдерінің семинарына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz

Сенаторлар Орталық Азия елдері парламентшілерінің семинарына қатысты

Кездесуге қатысушылар Орталық Азия елдеріндегі экономикалық ахуалды қалпына келтіру және кедейлікпен күрес сияқты өзекті тақырыптарды талқылады.

Сенатор Ольга Булавкина өз сөзінде Қазақстанда жүзеге асып жатқан азаматтарға жұмысқа орналасу үшін мүмкіндіктер беру, жалақының өсуіне жәрдемдесу және аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдауды жетілдіру саясаты туралы әріптестерін хабардар етті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ашықтық пен атаулы болуды күшейту үшін атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тетіктеріне жеке жауапкершілікті арттыруды және көмек алушыларды еңбекке ынталандыруды көздейтін өзгерістер енгізілді», деді Ольга Булавкина.

Парламентшілер, сондай-ақ Орталық Азия елдеріндегі көліктік және транзиттік әлеуетін іске асыруды үдетудің келешегін талқылап, өңірдегі тығыз үйлестірудің маңыздылығын атап өтті. Семинар барысында жүк транзитінің еркіндігін қамтамасыз ету, көлік дәліздерін жаңғырту және біздің елдеріміздің шекаралары арқылы жүк тасымалдарын кедергісіз жүргізу үшін жағдай жасау қажеттігі атап өтілді.