Қоғам • 27 Қыркүйек, 2021

БАҚ өкілдеріне мемлекеттік органдарға кіруге рұқсат беріле ме?

126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда карантин талаптарын сақтай отырып, БАҚ өкілдерін іс-шараларға тікелей қатысуға рұқсат беру мәселесі қаралып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

БАҚ өкілдеріне мемлекеттік органдарға кіруге рұқсат беріле ме?

«Алдымен Нұр-Сұлтан қаласының әлі де болса «қызыл» аймақта екенін ұмытпаған жөн. Ал той-тоймалақ жасауға берілген рұқсатқа келсек, шағын және орта бизнес өкілдері тарапынан көптеген өтініштер келіп түсті.

БАҚ өкілдерін мемлекеттік органдарда өтіп жатқан шараларға тікелей кіргізбеу - ақпарат алуда шектеу қою деуге болмайды. Бізде БАҚ-тың жұмысына кедергі келтіріп, шек қою деген мәселе жоқ. Парламент, Үкімет үйінде өтіп жатқан барлық іс-шаралар жұртшылыққа онлайн таратылады», деді ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкімет үйінде онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, Премьер-Министр орынбасары елімізде карантин талаптары бар екенін тағы бір еске салып, маска тағу және әлеуметтік арақашықтықты сақтауға шақырды.

«Тілшілердің ақпарат алуына қатысты шектеулер жоқ. Қажет жағдайда тиісті органға ресми сауал жолдай алады, одан бөлек, күнделікті онлайн баспасөз мәслихаты ұйымдастырылып жатыр.

Оның барысында БАҚ өкілдері өз сауалдарын құзырлы орган өкілдеріне тікелей қоя алады. Бүгінді таңда санитарлық талаптарды сақтай отырып, тілшілердің тікелей қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізу мәселесі қаралып жатыр», дейді ол.

Сол сияқты Ералы Тоғжанов алдағы уақытта тілшілердің қатысуымен өтетін іс-шараларға Ashyq жүйесімен кіргізілетінін ескертті.

Соңғы жаңалықтар

Ел рухын асқақтатқан Ерқожа

Ата заң • 22 Тамыз, 2025

Алматыда Human Capital форумы өтті

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Шымкентте жаңа саябақ ашылды

Аймақтар • 22 Тамыз, 2025

Нарциссизм эпидемиясы

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Екі елдің ықпалдастығы жанданады

Президент • 22 Тамыз, 2025