Футбол • 28 Қыркүйек, 2021

Премьер-лига ойындарының 22-туры өтті

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан чемпионатының 22 тур ойындары өз мәресіне жетті. Бұл кезеңдегі бәсекелер де әдеттегідей өте шиеленісті өтті.  

Премьер-лига ойындарының 22-туры өтті

«Шахтер» өз алаңында «Қайратты» қабылдады. Бұл ойында көрермендер алғашқы голдың кіруін тым ұзақ күтті. Тек 76-минутта ғана Идрис Умаев есеп ашты. Бірақ қарағандылықтардың қуанышы ұзаққа созылмады. Матчтың аяқталуына бір минут қана қалғанда Рада Дугалич таразы басын теңселтіп кетті – 1:1.

«Ақтөбе» көш соңында келе жатқан Талдықорғанның «Жетісуының» қақпасына жауапсыз екі доп салды – 2:0. Бұл голдардың екеуі де бірінші таймда соғылды.

Петропавловскіде өткен «Қызылжар» мен «Тұран» арасындағы бәсекенің тағдырын қонақтардың 76-минутта соққан жалғыз добы шешті – 0:1.

«Астана» Нұр-Сұлтанда «Тараздың» тас-талқанын шығарды – 3:0. Бір кереметі, дубль авторы атанған Тигран Барсегян өз голдарын 1 және 7-минутта соқса, 21-минутта Марин Томасов мергендік танытты.

Осы турдағы өзге кездесулердің нәтижелері мынадай: «Ақжайық» – «Қайсар» 1:1, «Атырау» – «Тобыл» 0:1 және «Ордабасы» –«Каспий» 1:1.

Жарыс кестесінде «Астана» әлі де көш бастап келеді. Елордалық клуб 50 ұпайды енішілеп отыр. Екінші орындағы «Тобылдың» басты қарсыласынан бір ұпайы кем. Қоржынында 41 ұпайы бар «Қайрат» үшінші сатыға жайғасты.