Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында прокуратураның қадағалауын азаматтар мен бизнестің проблемаларын тиімді шешуге қайта бағдарлауды тапсырды. Осыған байланысты азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласындағы қадағалауды күшейтуге бағытталған бірқатар шара қабылданды.

Ел Президенті «Прокуратура туралы» заңға түзетулерге қол қойып, олар 2021 жылғы 4 қыркүйектен бастап күшіне енді. Кәсіпкерлердің мемлекеттік органдар тарапынан араласу фактілері бойынша өтініштерін прокурорларға қарау құзыретін беру оның негізгі жаңашылдықтарына жатады. Бұрын мұндай өтініштер уәкілетті органдарға жіберілетін. Енді прокурорлар бизнес субъектілерінің шағымдарына жедел әрекет етіп, олар бойынша тексерулер жүргізеді, қажетті ақпаратты өздері белгілеген мерзімде сұратып және түсініктеме алу үшін адамдарды шақыра алады.
Заңсыз қолданылған шектеу және тыйым салу сипатындағы шараларды дереу жою үшін прокурорға өкілеттілік беріліп отыр. Оларға шоттарды негізсіз бұғаттау, мүлікті пайдалануға тыйым салу, қызметін, жұмысын уақытша тоқтата тұру және өзге де шектеулер жатады.
Мемлекеттік органдардың мұндай шаралары азаматтар мен бизнес үшін өте сезімтал. Олар кез келген кәсіпорынды толығымен тоқтатып, жұмыскерлерін табыстарынан айыруы мүмкін. Егер прокурор осындай фактілерді анықтаса, олардың күшін жою туралы қаулы шығарады. Ол орындау үшін міндетті.
Мемлекеттік орган осындай қадағалау актісіне шағым жасаған жағдайда азаматтар мен кәсіпкерлер сот дауына тартылмайды. Тек прокурор мен мемлекеттік орган ғана сотта өз ұстанымдарын дәлелдейтін және негіздейтін болады.
Сонымен бірге прокурордың дауланған қаулысы өз күшін тоқтатпайды. Бір мезгілде қаулыны орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылық енгізіледі (ӘҚБтК-нің 664-1-бабы – 30 АЕК-ге дейін айыппұл салуға әкеп соғады).
Азаматтар мен бизнес үшін қосымша кепілдік – прокурордың ұсынуында көрсетілген заңдылықты бұзушылықтарды жоюға бағытталған шараларды қабылдау және орындау міндеттілігі енгізілгендігі.
Жалпы, қабылданған жаңашылдықтар прокуратураның құқық қорғаушылық әлеуетін айтарлықтай күшейтеді. Олар лауазымды адамдардың заңсыз іс-әрекеттеріне жедел ден қойып қана қоймай, азаматтар мен бизнес үшін жағымсыз салдарлар туындағанға дейін олардың жолын кесуге мүмкіндік береді.
Болат ДЕМБАЕВ,
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары
Саясат • Кеше
Коронавирус қайталануы мүмкін бе?
Коронавирус • Кеше
Қазақстан • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Медицина • Кеше
Тұтылып тұрып, құтылып кеткені қалай?!
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
«Қыздар, қыздар... » әні қалай өмірге келді?
Өнер • Кеше
«...Махаббатыма маңдайды сүйеп өлемін»
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Экология • Кеше
Биылғы жылдың «Барысы» – Исағабылов
Күрес • Кеше
Спорт • Кеше
Аймақтар • Кеше
Елорда • Кеше
Kids Go Free: 300-ден астам бала тегін ұшты
Қоғам • Кеше
Алматыдағы Сайран көлінен ішек таяқшалары анықталды
Аймақтар • Кеше
Түркістанды түркітілдес елдердің туристік астанасы ету ұсынылды
Аймақтар • Кеше
Алматының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты
Коронавирус • Кеше
Президент стрестік активтер нарығын дамыту бойынша заңға қол қойды
Президент • Кеше
Президент волонтерлік қызмет туралы заңға қол қойды
Президент • Кеше
Алматы қаласының жаңа бренді жасалады
Аймақтар • Кеше
Елордада туристік ақпараттық орталық ашылады
Туризм • Кеше
Олжас Сыдықбек жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Mecenat.kz әдеби байқауының жеңімпазы анықталды
Әдебиет • Кеше
Шымкентте Қонаев даңғылы ашылды
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы Бақыт Сұлтановты қабылдады
Президент • Кеше
Алматыда «Бақорда» базарынан өрт шықты
Оқиға • Кеше
Семейде көпқабатты үйден өрт шықты
Оқиға • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда 3 жаңа метро станциясы салынады
Аймақтар • Кеше
Қор нарығында доллар бағасы арзандады
Қаржы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар