Мезгілсіз келіп, берекесін алған шенеуніктерден мезі болған серіктестік басшысы Сарыкөл аудандық прокуратурасы жанындағы кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі мобильді топқа шағымданады. Прокуратура мен кәсіпкерлер палатасының өкілдерінен құралған мобильді топ тексерістің заңсыз ұйымдастырылғанын анықтап, кінәлілерді әкімшілік жауапкершілікке тартып отыр.
– Осы жылғы 3 маусымда, 1 шілдеде және 3 тамызда аталған полигонды тексеру барысында толтырылған комиссиялық тексеріс хаттамалары заңсыз деп танылды. Сарыкөл ауданының прокуроры кәсіпкерлік нысанның ісіне заңсыз араласқаны үшін аудандық әкімдікке қарасты Сәулет, құрылыс, тұрмыстық-коммуналдық ша-
руашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы мен Сарыкөл ауылының әкімін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 173-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартып отыр, – деп мәлімдеді облыстық кәсіпкерлер палатасы басшысының орынбасары Данияр Күзенбаев.
Бұл бап бойынша кәсiпкерлiк қызметке заңсыз араласып, олардың қызметiне кедергi келтiретiн заңсыз хаттама толтырған лауазым иелері енді 100 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiне дейін айыппұл арқаламақ.
Аталған шенеуніктермен бірге Мемлекеттік кірістер басқармасының Сарыкөл ауданындағы бас маманы да жауапкершілікке тартылып отыр. Оған ӘҚБ кодексінің 175-бабы бойынша жеке кәсіпкерлік нысандарына тексеру жүргізу тәртібін бұзғаны үшін 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін.
Айта кету керек, кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі мобильді топтар биылғы 4 қыркүйектен бастап жаңа өкілеттікке ие болып отыр. Атап айтқанда, «Прокуратура туралы» заңға енгізілген түзетулерге сәйкес енді прокурорлар өздеріне шағымданған кәсіпкерлердің ісі бойынша дербес тексеру жүргізіп, істің ақ-қарасын анықтау мақсатында ақпарат сұрастырып, заңсыз қолданылған шектеу немесе тыйым шараларының күшін жоя алады.
Қостанай облысы