Коронавирус • 28 Қыркүйек, 2021

Нұр-Сұлтанда әуежай мен вокзалда вакциналау пункті ашылды

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада «Нұрлы Жол» теміржол вокзалында және Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда коронавирусқа қарсы вакциналау аймағы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтанда әуежай мен вокзалда вакциналау пункті ашылды

Осы пунктерде екпенің бірінші және екінші компонентін алуға болады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгінгі таңда елордада вакцинаның 3 түрі бар: ресейлік «Спутник V», отандық QazVac және қытайлық Sinopharm VeroCell.

«Жалпы, қалада бірінші компонентпен контингенттің 66%-дан астамы қамтылған. Осы жұмысты жақсарту және халықты көбірек қамту мақсатында біз вакциналау пунктерін тағы екі ұйымда – азаматтар көп жиналатын жерлерде ашамыз», деп атап өтті басқарма.

Нұрлы Жол теміржол вокзалындағы вакциналау аймағы 4-қабатта, әуежайда 1-қабатта халықаралық және ішкі терминал арасындағы өткелде орналасқан. Күн сайын сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

«Коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау процесі халыққа қолайлы болу үшін барлық шара қабылданды. Азаматтар екпенің көмегімен ғана пандемияны жеңе алатынын есте сақтаса екен дейміз. Біз инфекцияны жеңуге жақындап қалдық деуге болады, бірақ вирус әлі де бар. Барлығы өзіміздің қолымызда – коронавирус ауруын таратпау азаматтық міндетіміз», деп атап өтті ведомство.