Экономика • 28 Қыркүйек, 2021

Жыл соңына дейін үш зауыт ашылады

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов жыл соңына дейін іске қосылатын жобаларды айтады, деп жазады Egemen.kz.

Жыл соңына дейін үш зауыт ашылады

Жыл соңына дейін үш жоба іске қосылады.

«Бірінші - Шығыс Қазақстан облысындағы Ақтоғай кен байыту комбинатын кеңейту жөніндегі жоба («KAZ Minerals Aktogay» ЖШС). Бұл сульфидті кенді қайта өңдеу қуатын жылына 2 есеге, яғни 50 млн тоннаға дейін ұлғайтуға, ал мыс өндірісін 90%-ға арттырып, жылына 190 мың тоннаға жеткізуге мүмкіндік береді.

Екінші - Шымкент қаласында алюминий банкілерін өндіру бойынша Қазақстандағы алғашқы жоба. Қазір біз жылына 700 млн алюминий банкілерін импорттаймыз. Осы жобаны іске асыру тамақ өнеркәсібінің ішкі қажеттілігін 65%-ға (жылына 500 млн.бірлік) қамтамасыз етеді.

Үшінші - Қарағанды облысында Сарыарқа ферроқорытпа зауытын салу жобасы - «Qaz Carbon» ЖШС (Каз Карбон). Кәсіпорын жоғары сапалы ферроқорытпалар мен агломерат марганецтерін алу үшін инновациялық технологияларды пайдаланады. Шығарылатын өнім толығымен экспортқа бағытталған (АҚШ, Жапония, Корея, Түркия және Еуропа елдері)», деді Атамқұлов.