Тағайындау • 28 Қыркүйек, 2021

Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

444 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Батыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Өтеғұлов Арман Кәрімұлы тағайындалды деп хабарлайды Egemen.kz.

Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

Арман Өтеғұлов 1964 жылы туған, білімі жоғары. Саратов зоотехникалық-ветеринарлық институтын, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін және Қазақстандық инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «мал дәрігері», «экономика бакалавры», «экономика ғылымдарының магистрі» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары Батыс Қазақстан облысындағы Қазталов ауданы әкімінің орынбасары, Қаратөбе және Теректі аудандарының әкімі, Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. 2020 жылдан бері Теректі ауданының әкімі лауазымында болды.

Арман Кәрімұлы облыс әкімдігінде ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму, жер қатынастары, цифрландыру мәселелеріне жетекшілік ететін болады.