Әлем • 28 Қыркүйек, 2021

Тәліптер қандай конституцияны ұстанатынын айтты

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауғанстан Әділет министрінің міндетін атқарушы Абдул Хаким Шариа елде соңғы патша Захир Шахтың заманындағы конституция қолданылатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.

Тәліптер қандай конституцияны ұстанатынын айтты

© REUTERS / West Asia News Agency

Хаким Шариа Ауғанстандағы Қытай елшісімен кездесуде соңғы патша кезіндегі конституцияны қолданатынын, тек шариғатқа қайшы келетін ережелерді алып тастайтынын айтты. Бұл туралы РИА Новости жазды.

Захир Шахтың конституциясы 1964 жылы қабылданды. Оның негізгі ережелерінің бірі - корольдікте қоғамдық өмірді демократияландыру - қос палаталы парламент құру, сөз және жиналыс бостандығы. Сонымен қатар әйелдерге орамал тақпау құқығы берілген болатын.

Бұған дейін Ауғанстан уақытша үкіметі Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Забиулла Мужахид елде билікті қолына алған «Талибан» қозғалысы келесі жылы жаңа конституцияны әзірлеу үшін комиссия құруды жоспарлап отырғанын айтқан еді.