Қазақстан • 28 Қыркүйек, 2021

Журналистер офлайнға қашан оралады?

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ASTANA MEDIA WEEK алаңында журналистердің баспасөз конференцияларына және мемлекеттік органдар ғимараттарына қолжетімділігінің жоқтығына қатысты министрліктің атына айтылған сынға жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Журналистер офлайнға қашан оралады?

«Әлемдік пандемия адамзатты экономиканың ғана емес, сонымен бірге біздің күнделікті өміріміздің барлық салаларына әсер еткен жаңашылдықтарға алып келді. Бизнесте, білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану жылдамдығы мен ауқымы айтарлықтай өсті. Барлығы біздің дәстүріміз бен әдеттерімізді өзгерткен жаңа бейтаныс жүйеге тап болды», деді АҚДМ басшысы.

Осы орайда, ол БАҚ-тың рөлі бұрынғыдан да арта түсетінін атап өтті.

«Министрлік журналистер жұмысындағы кез келген кедергілерді жою және кәсіби қызметте көмек көрсету басты міндет деп санайды. Біз Министрліктің және жеке өзімнің атыма баспасөз конференцияларына және мемлекеттік органдардың ғимараттарына кіруге қатысты сынды естиміз. Мен сіздерге осы мәселелерге бей-жай қарамайтынымызды және журналистер үшін үйреншікті офлайн-форматқа оралу үшін барлық күш-жігерімізді жұмсайтынымызды сендіремін. Барлық мемлекеттік органдар қолжетімді болуы керек», деді Балаева.