Қоғам • 28 Қыркүйек, 2021

Қазақстаннан Италияға тікелей әуе рейстері ашылады

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Салтанат Томпиева халықаралық әуе қатынасын пандемияға дейінгі қалпына келтіру үшін қандай шаралар атқарылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстаннан Италияға тікелей әуе рейстері ашылады

«15 қазаннан бастап алғаш рет Алматы-Доха (Катар) әуе рейсінің ашылуы жоспарланған. Ведомствоаралық комиссияда Италияға халықаралық тікелей рейстер ашу мәселесі қолдау тапты, Чехияға рейс қайта басталды.

Сондай-ақ, Кувейтке, Сауд Арабиясына, Шри-Ланкаға жаңа рейстер ашу көзделіп отыр. Түркияға, Біріккен Араб Әмірліктеріне, Германияға, Мажарстанға, Польшаға ұшатын рейстердің санын арттырамыз. Әзербайжанға рейстерді қайта бастаймыз», деді Салтанат Томпиева «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне берген сұхбатында.

Спикер 9 қазаннан бастап Мальдивке күнделікті рейстер қайта басталатынын еске салды.

«Күзгі-қысқы навигациядан бастап нарық кезең-кезеңімен қалпына келуі керек деп ойлаймыз. Рейстерді ашу бойынша жоспарымыз үлкен», деді Салтанат Томпиева. Комитет өкілінің айтуынша, пандемияға байланысты елдегі халықаралық әуе тасымалы нарығы 50% қалпына келтірілген.