«Біздің ел үшін Ауғанстан - астық пен ұн экспорттау нарығындағы стратегиялық серіктесіміз. Аталған елдегі саяси жағдайға байланысты астық пен бидай жөнелту уақытша тоқтатылған еді. Қазіргі уақытта бизнес және тасымалдаушылардың ақпаратына сәйкес, төлем және астық вагондарын жеткізу мәселесі шешілді. Сондықтан қазіргі уақытта астық жөнелтуде проблема жоқ. Жалпы Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы бизнес серіктестік жақсы жолға қойылған. Осы орайда ол елге отандық өнімдерді жөнелту өз деңгейінде жүріп жатыр. Статистикаға келсек, бүгінде Ауғанстанға 199 мың тонна ұн мен 33 мың тонна астық жөнелтілді», деді Азат Сұлтанов ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, біздің ел Ауғанстанға негізінен ұн экспорттайды.