Президент • 28 Қыркүйек, 2021

Әрбір әкім есеп беруі тиіс - Тоқаев

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының VIII съезінде мемлекет пен бизнес арасындағы байланысты цифрландыруды белсенді жалғастырудың маңызды екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.

Әрбір әкім есеп беруі тиіс - Тоқаев

«Цифрлық дамудың маңызды бағыттарының бірі – жер учаскелері, құрылыстың негізгі жоспарлары, қолжетімді қуаттар, коммуникациялар және басқа да ақпаратты цифрландыру. Бұл – өндірістің негізгі факторлары. Онсыз бизнесті жүргізу мүмкін емес. Сонымен қатар бұл ақпарат – аса құпия. Аймақтық деңгейдегі жұмыс белгілі себептерге байланысты шегерілуде. Басты себеп – танымал компанияларға болысу, оларға жер мен басымдық беру, ал шағын және орта бизнестің жұмыс істеуіне мүмкіндік берілмейді. Үкіметке бұл мәселені Цифрландыру комиссиясының алдағы отырысында қарастыруды тапсырамын. Әрбір әкім есеп беруі тиіс. Үкімет қатаң бақылап, жұмысты үйлестіруге міндетті», деді Мемлекет басшысы.

Президенттің пікірінше, бизнесті цифрландыруды белсенді жүргізу қажет. Қазақстанда қазірдің өзінде автоматтандыру себебінен жұмыс орындарының 52 пайызына қауіп төніп тұр.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Үкіметке «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, кадрларды әзірлеу үшін ұзақмерзімді бағыттарды айқындауды тапсырды.