Аталған ел біріншілігіне Қазақстанның түкпір-түкпірінен 238 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Жарыс қорытындысы бойынша жасөспірім ұлдар арасындағы командалық есепте Қызылорда облысының құрамасы топ жарды. Алматы облысы екінші орынға жайғасса, Түркістан облысы үшінші орынды қорытындылады.
Ал жасөспірім қыздар арасында Алматы облысы көш бастаса, Қызылорда облысы күміске, ШҚО өкілдері қоланы қанағат тұтты.