Қоғам • 29 Қыркүйек, 2021

Қазақстандық авиакомпания ішкі рейстердің тарифтерін төмендетеді

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Эйр Астана» 2021 жылдың 1 қазанынан бастап ішкі бағыттар бойынша эконом-класстың шекті тарифтерін 10%-ға төмендетеді, деп жазады Egemen.kz  әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық авиакомпания ішкі рейстердің тарифтерін төмендетеді

Бұл ретте әуе компаниясы бағаны тұрақты ұстау үшін негізгі серіктестердің қолдауын күтеді, соның ішінде Алматы халықаралық әуежайы.

«1 қазаннан бастап Қазақстанда маршруттар бойынша эконом-кластағы шекті тарифтер 10%-ға төмендейді, ал жылдық перспективада кемінде 70% билеттер макроэкономикалық көрсеткіштер мен тарифтерді ескере отырып, төмен және орташа тарифтер бойынша қолжетімді болады»,  делінген хабарламада.