Әлем • 29 Қыркүйек, 2021

Эквадор түрмесіндегі атыстан 24 адам қаза тапты

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Эквадордағы Гуаяс провинциясының түрмесінде қылмыстық топтардың мүшелері арасында атыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Эквадор түрмесіндегі атыстан 24 адам қаза тапты

Оқиға салдарынан 24 адам қаза тауып, 48-і жараланған. Шілде айында Эквадор президенті Гильермо Лассо елдің түрме жүйесіне төтенше жағдай енгізді. Пенитенциарлық мекемелерде бірнеше оқиғада 100-ге жуық адам қайтыс болды.

Сонымен қатар ақпан айында бір уақытта өткен елдің үш түрмесіндегі тәртіпсіздіктер кезінде 79 тұтқын ажал құшқан еді.