ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев тұрғын үй бағасының жыл соңына дейін 30 пайыз қымбаттайтыны туралы болжамға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Біздің бағалауымыз бойынша, жыл басында былтырғымен салыстырғанда баспана бағасы 13-15 пайыз өсті. Бірақ оған үш негізгі фактор әсер етті. Біріншіден, пандемия кезіндегі тоқтаулардың кейінге қалған сұранысы қосылды. Екіншіден, пандемияға байланысты логистикалық проблемалар болды. Құрылыс материалдарының шетелден тасымалы кешеуілдеді. Үшіншіден, ең үлкен фактор зейнетақы қорынан бөлінген қаржы болды. Осы уақытқа дейін 1,5 трлн теңгеге тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі болды. Осы үш фактор әсерінен тұрғын үй бағасы 13-15 пайыз көтерілді. Ал қазір ондай факторлар мен болжамдар күтіліп отырған жоқ. Сондықтан, 30 пайыздық қымбаттау болжамы негізсіз деп ойлаймын», деді вице-министр.
Оның айтуынша, алдағы 4 жылдың ішінде тұрғын үй салуға қажетті материалдың бәрі Қазақстанда өндірілмек.
«Мұны енді нақты өндірілетін құрылыс материалдарымен байланыстырсақ, өзімізде шығарылатын материалдардың бағасы тұрақты болып жатыр. Кей жерлер жыл басындағы, ортасындағы бағаны төмендетті. Ішкі нарықтың 60 пайызы отандық құрылыс материалдарымен қамтамасыз етілген. Линолеум, түсқағаздар, креамикалық тақта, санфаянс сияқты импорттық тауарлар бар. Алдағы 3-4 жылда ол тауарлар толық өзімізде өндіріледі», деген Марат Қарабаев кремаика тақтасын шығаратын 2 зауыт салынып жатқанын атады.
«Мысалы, керамика тақталарын шығаратын бір ғана зауытымыз болды. Осы уақытқа дейін Шымкенттегі зауыт жылына 2 млн шаршы метр шығарып келді. Күні кеше Ақтөбе облысында 5 млн шаршы метр шығаратын жаңа зауыт іске қосылды. Нұр-Сұлтан қаласында 12 млн шаршы метр өнім шығаратын зауыт салынып жатыр. Ақтөбе қаласында тағы бір 5 млн шаршы метр өнім шығаратын зауыт салу жоспарланған. Олар тек ішкі нарықты қамтамасыз етіп қоймай, экспортқа да шығарады. Қазірдің өзінде керамика тақталары экспортқа шығарылып жатыр», деді министрдің орынбасары.
Мақсат – сапалы білімге қол жеткізу
Саясат • Кеше
Жаңа Зеландия: Ардерннің беделі түсіп барады
Әлем • Кеше
Израиль мен Палестина мәмілеге келді
Әлем • Кеше
Микрокредит тұзағына түспес үшін...
Қаржы • Кеше
Қоғам • Кеше
Мал бағуды неге жеңілдетпеске?
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Технология • Кеше
Экология • Кеше
Экология • Кеше
Облыс орталығында мыңдаған ағаш қурап қалды
Аймақтар • Кеше
Елордаға Түркістан театры келеді
Театр • Кеше
Облыс орталығында жарықсыз отыр
Аймақтар • Кеше
Ар ұстанымы, имандылық және серт
Абай • Кеше
Қоғам • Кеше
Кәсіпкерді өлтірген күдіктілер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Қаржы пирамидасы: Алданғандар азаяр емес
Қоғам • Кеше
Неплюев училищесінде оқыған қазақтар
Тарих • Кеше
Дүниесі түгенделмеген дүр-мәдениет
Өнер • Кеше
Әл-Фараби және қазақ аспаптары
Өнер • Кеше
Қазақстан Түркиямен барлау әскери ақпаратымен алмасатын болады
Қазақстан • Кеше
Ақтау әкіміне сөгіс жарияланды
Аймақтар • Кеше
Бішкекте қазақ кинолары көрсетілді
Кино • Кеше
Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Мемлекет басшысы Әлихан Смайыловты қабылдады
Президент • Кеше
Қостанайда жоғалған қызды іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр
Аймақтар • Кеше
Интернет арқылы есірткі сатқан павлодарлық сотталды
Оқиға • Кеше
Алматыда екі көше жартылай жабылады
Аймақтар • Кеше
Түркия Қазақстанға 3,5 мың дана Құран кітабын сыйлады
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар