Экономика • 30 Қыркүйек, 2021

Тоқаев Қазақстан мен Ресей шекарасындағы проблемалар туралы айтты

495 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумында екі ел шекарасындағы проблемаларды атады, деп жазады Egemen.kz.

Тоқаев Қазақстан мен Ресей шекарасындағы проблемалар туралы айтты

«Екі ел шекарасынан өтетін жүк тасымалдаушылардың проблемасына тоқталғым келеді. Бұл - біз үшін маңызды мәселе. Қазақстан-Ресей шекарасында 30 автомобильдік шекаралық өткізу пункті жұмыс істейді, олардың бесеуі ғана инспекциялық жол бекеті кешендерімен жабдықталған. Өкінішке қарай, олардың жұмысынан мезгіл-мезгіл ақау шығады. Біз Саратов облысы, Орынбор, Челябі, Қорған, Тюмень шекарасындағы өткізу пункттері туралы айтып отырмыз», деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті Ресейдің шекара қызметіндегі жаңа талаптар туралы айтты.

«Жүргізушілер жүкті тікелей тексеру аймағында түсіруге міндеттелді. Ал бұл көп жағдайда жүктің бұзылуына әкеледі. Тасымалдаушылар автокөлігінің тек үштен екісін ғана қолдануға мәжбүр. Мысалы, газельдерде 8 тонна орнына 4-6 тонна ғана тауар тиеледі. Енді 30-40 тонна жүк орнына 15-20 тонна тауар тасымалданады. Нәтижесінде, көлік шығыны ұлғаяды, тауар бағасы өседі», деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы қауіпсіздік шараларына толық түсіністікпен қарайтынын жетізді.

«Мемлекеттік шекараның қауіпсіздігін қамтамасыз ету – кез келген мемлекеттің ең маңызды шарты. Әсіресе, Ауғанстандағы оқиғалар кезінде. Сіз, Владимир Владимирович, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер отырыстарының бірінде бұл туралы айттыңыз. Сонымен қатар өткізу пункттерін қазіргі заманғы инспекциялық-тексеру кешендерімен толық жабдықтау коммерциялық транзит қауіпсіздігінің, жылдамдығының проблемаларын да шеше алар еді», деді Мемлекет басшысы.