Экономика • 30 Қыркүйек, 2021

Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда айналым рекордтық көрсеткішке жетті

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан мен Ресейдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумында айтты, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда айналым рекордтық көрсеткішке жетті

«Біз бүгін Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумын 17-мәрте өткізіп отырмыз. Былтыр пандемияға қатысты форум ұйымдастыруға мүмкіндік болмады. Осы форум барысында да маңызды мәселелер талқыланатына сенімдімін. Біздің елдер арасында сауда-интеграциялық ынтымақтастық жақсы дамыған. Биылғы 7 айда екіжақты тауар айналымы 34 пайызға ұлғайып, 14 млрд долларды құрады. Жыл қорытындысы сауда айналымы 20 млрд долларға жетіп, рекордтық көрсеткіш орнатады деп болжанып отыр», деді Путин.

Ресей басшысы атап өткендей, бұл өңіраралық ынтымақтастық нәтижесі.

«Соңғы кезде бизнес өкілдері мен делегация алмасу белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр. Биыл да ол дәстүр жалғасатынына сенімдімін. Бұл форумда бірқатар маңызды келісімшарттарға қол қойылады. Өңіраралық ынтымақтастық бойынша 2023 жылға дейін бірлескен бағдарламалар жүзеге асырылмақ. Бүгінде экология мәселесі трендте тұр. Қазақстан мен Ресей үшін де бұл мәселе өте маңызды», деді Путин.