Қазақстан • 30 Қыркүйек, 2021

2025 жылға қарай еліміз 100% таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр ел Үкіметі жүзеге асырып жатқан Президент Жолдауын іске асыру шаралары туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.

2025 жылға қарай еліміз 100% таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі

Қазақстан Үкіметі өңірлік саясат пен аумақтық дамытуды жетілдіруді жоспарлап отыр.

«Елдің дамуы өңірлердің теңгерімді дамуы негізінде ғана мүмкін болады. Жыл соңына дейін Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі аумақтық даму жоспары қабылданады, ол өңірлік стандарттар жүйесі негізінде «инфрақұрылым адамдарға» қағидатын іске асыруға бағытталған», деді Р.Скляр.

Роман Скляр бұл қағидаттың инфрақұрылымды, оның ішінде көлік, әлеуметтік, коммуникациялық және энергетикалық инфрақұрылымды дамытуда маңызды екенін түсіндірді.

Үкімет қалалар мен ауылдық елді мекендерді дамытуда кәсіпкерлікті қолдау, «зәкірлік жобаларды» іске асыру арқылы экономиканы әртараптандыру, инженерлік инфрақұрылымды салу және жаңғырту, көліктік байланыс мәселелерін шешу, әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспарларын іске асыру және т.б. мәселелерге назар аударады.

2020 жылдың қорытындысы бойынша республика халқының 94%-ы сумен қамтамасыз етілген. Бұл 17,7 млн адам. Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді орындау үшін 1,3 млн-ға жуық ел азаматы тұратын 1 922 ауылда сумен жабдықтау желілері мен су тазарту жүйелерінің құрылысы жалғасады. Осылайша, 2025 жылға қарай ел халқы 100% таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі.