Футбол • 30 Қыркүйек, 2021

«Қайрат» сырт алаңда «Базельмен» кездеседі

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін футболдан UEFA Конференция лигасы топтық кезеңінің екінші турында қазақстандық «Қайрат» Швейцарияның «Базель» командасымен кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қайрат» сырт алаңда «Базельмен» кездеседі

Кездесу елорда уақытымен 00:50-де басталып, «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Аталған кездесуде англиялық Стюарт Атвелл бас төреші қызметін атқарады.

Оған отандастары Дэниел Кук пен Гарри Леннард көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де - сол елдің өкілі Дэвид Кут. Еске салсақ, «Қайрат» H тобында сынға түседі.

Қарсыластары - Швейцарияның «Базель», Әзербайжанның «Карабах» және Кипрдің «Омония» командалары. Алғашқы турда «Қайрат» өз алаңында Кипрдің «Омония» клубымен 0:0 есебімен тең түссе, «Базель» сырт алаңда Әзербайжанның «Карабах» клубымен кездесуінде дәл сондай есеп тіркелді.

«Қайрат» биыл еурокубок ойындарын Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу сатысынан бастады. Алдымен Израильдің «Маккаби Хайфа» (1:1, 2:0) жеңіп, одан кейін Сербияның «Црвена Звезда» командасына (2:1, 0:5) жол берді. Ал Еуропа лигасы үшінші іріктеу сатысында Арменияның «Алашкертінен» (0:0, 2:3) жеңіліп, Конференция лигасы плей-офф сатысында Люксембургтің «Фола» клубының (4:1, 3:1) осал тұсын тапты. «Базель» клубы 1893 жылы құрылған. Өзінің елінде 20 мәрте чемпион атанған. Еурокубок ойындарына тұрақты түрде қатысып келеді.