Әлем • 30 Қыркүйек, 2021

Абақтыдағы 116 адам қайтыс болды

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түрмеде жазасын өтеушілер арасында қарулы жанжал шыққан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абақтыдағы 116 адам қайтыс болды

Эквадордың Гуаякиль қаласындағы Литорал түрмесінде басталған жанжалды тоқтатуға төрт жүз полицей қатысты. Салдарынан 116 адам қаза тапқан. Кем дегенде бес сотталушының басын кесіп тастаған. Полиция қолбасшысы Фаусто Буэнаньо сотталушылардың гранаталары болғанын айтады.

ВВС жазуынша, бұл елдегі пенитенциарлық жүйе тарихындағы ең қанды төбелес.

Аталған түрме елдегі ең қауіпті жаза өтеу орны саналады. Онда Эквадор бандалары жазасын өтеп жатыр. Олардың мексикалық есірткі картельдерімен байланысы болуы мүмкін.