Облыс орталығындағы 912 көпқабатты тұрғын үйдің 897-і ғана жылуға қосылған. Автоматтандырылған жылу бекеттерінде жұмыс істейтін маман жоқ. Балабақшадағы сәбилер қыс келмей-ақ қалтырап отыр.

Көкшетаудың күзі биыл салқын. Бозқырау да әдеттегіден ерте түсті. Кейбір күндері күндіз сәл шуақ болғанымен, түн суық. Оның үстіне өңменіңнен өтетін суық жел күн сайын үдете соғуда. Жылу берілмеген көпқабатты үйлердің тұрғындары қоңыр күзде-ақ жаурай бастады. «Көкшетау жылу» коммуналдық кәсіпорнының бас инженері Данияр Ақыбаевтың айтуына қарағанда, жазда қаланың бу қазандықтарына жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жылу қала әкімінің тапсырмасы бойынша 21 қыркүйектен бастап ішінара беріле бастаған. Алғашқы он күн бойы жылу магистралінің бойындағы кем-кетік жөнделіпті. Жиырма тәулікке жететін 38,4 мың тонна көмір бар.
– Облыс орталығындағы 912 көп қабатты тұрғын үйдің 897-сін жылу жүйесіне қостық, – дейді коммуналдық кәсіпорынның жедел басқару қызметінің басшысы Валерий Мингулов, – білім және денсаулық сақтау саласы мекемелеріне жылу беріле бастады. Көпқабатты 6 үйде жылу есептегіш құралы жоқ. 9 қабатты тұрғын үйдің жертөлесі суға толып тұр. Сарыарқа шағын ауданында автоматтандырылған жылу бекеттері қойылған. Бұл жерде жұмыс істеуге тиісті ІТ мамандары жетіспейді. Мүлік иелерінің бірлестігі мен пәтер иелері кооперативтерінің басшылары қажетті маманды іздеп табуға асығатын емес. Бұл шағын ауданның кейбір тұрғын үйлерінде жылу есептегіштері де жоқ. Демек, бұл үйлерге жылу берілмейді.
Сондай-ақ Васильковка, Бірлік шағын аудандарының №1, 9, 33 және 35 көпқабатты тұрғын үйлерінде, «Жансая» тұрғын үй кешенінде, коттедждерге орналасқан балабақшаларда жылу жоқ. Себеп, жылу есептегіш құралдары қойылмаған. Бұл мәселе жаз бойы ойластырылмағандықтан, таяу арада шешіле қояды деу қиын. «Өркен» балабақшасы да жылуға жарымай отыр. Қыс қабағын түкситіп келе жатқанда, әлдеқашан тозығы жеткен жылу құбырлары енді ауыстырылып жатыр. Жылудың төлемақысы да жылдар бойы төленбей, қордаланып қалған. Біз қарыздың қаншалықты екенін білгіміз келіп «Көкшетау жылу» коммуналдық кәсіпорнының басшыларынан қанша мәрте сұрағанымызбен, мардымды жауап ала алмадық. Қала басшылары айтуға рұқсат етпейді дейді. Қайта жаһанға жар салып борышкерлерден қордаланып қалған қарызды өндіріп алса, тәп-тәуір қаражат жинақталып, өздерінің қолдары ұзарып қалмай ма?! Сол қаражатқа жаз бойы жөндеу жұмыстарын жүргізуге әбден болар еді. Қазір қазандықтан жылу айдайтын сорғылардың тозығы жеткендіктен, қысым жеткіліксіз болып тұр.
– Бұрын біздің шағын аудан қазандыққа тікелей қосылушы еді, – дейді «Алтын» пәтер иелері кооперативінің төрағасы Адай Есентұров. Бұл жүйе неге екенін кім білсін, жаздыгүні бұзылып тасталды. Біздің кооперативке қарасты көпқабатты 35 тұрғын үй орталық жылу жүйесінің қайтқан желісіне қосылды. Қысым болмағандықтан, пәтерлерге жылу бере алмай отырмыз.
Кооператив төрағасымен бірге жертөлеге түсіп көрдік. Жылу беру жүйесінде қанжылым ғана жылу бар екен. Қысым болмағандықтан, соның өзі пәтерлерге көтеріле алмай тұр. Қыс келмей-ақ қалтырап отырған бірер пәтерге бас сұқтық. Тұрғындар арыз-шағымдарын айтып-ақ жатыр.
Алматы облысы Қарасай ауданына жаңа әкімі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:12
Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы жаңа мешіттің ашылуына қатысады
Елбасы • Бүгін, 12:01
Алматыда есірткі қолданған автобус жүргізушісі ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:53
Қарағанды облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 11:42
Абай облыстық қоғамдық кеңесінің мүшелері іріктелді
Аймақтар • Бүгін, 11:38
ШҚО-да қаңғыған ит-мысықтарды аулауға 150 млн теңге бөлінді
Қоғам • Бүгін, 11:30
Дизельді заңсыз сатқан кәсіпкерге үкім шықты
Қоғам • Бүгін, 11:23
«Қазақстан халқына» қоры 2 мыңнан аса студентке білім грантын ұсынды
Қоғам • Бүгін, 11:17
Елімізде 24 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр
Коронавирус • Бүгін, 11:03
Мемлекеттік кірістер комитетінің жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:54
Еуропада маймыл шешегін жұқтырғандар көбейді
Әлем • Бүгін, 10:47
Индор хоккейден қазақстандықтар тағы жеңіске жетті
Хоккей • Бүгін, 10:38
12 тамызға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 10:30
Қарағандыда автобус емхананың қоршауына соғылды
Оқиға • Бүгін, 10:22
12 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:10
Әлихан Смайылов қант монополисінің қызметін тексеруді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 10:02
«Тобыл» Конференция лигасын ерте аяқтады
Спорт • Бүгін, 09:52
Бірқатар өңірде ауа сапасы нашарлады
Экология • Бүгін, 09:45
«Қызыл-Жар» кипрлік клубпен тең түсті
Футбол • Бүгін, 09:35
2186 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:30
Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке сайланды
Тағайындау • Бүгін, 09:22
Коронавирус • Бүгін, 09:13
Юлия Путинцева Торонто турнирінің ширек финалына шықты
Теннис • Бүгін, 09:08
Бір күнде 1643 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Теннис • Бүгін, 08:45
Футбол • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:37
Шілде айындағы үздіктер анықталды
Футбол • Бүгін, 08:35
Шахматшылардың тарихи жетістігі
Спорт • Бүгін, 08:34
«Алтын тай» Аягөздің еншісінде
Аймақтар • Бүгін, 08:32
Орақ науқанына дайындық ойдағыдай
Аймақтар • Бүгін, 08:30
Курчатовта медицина мамандары тапшы
Аймақтар • Бүгін, 08:28
Оныншы қабаттан құлаған баланы қағып алған
Қоғам • Бүгін, 08:25
Халықтан ақша жинау заңмен реттеледі
Қоғам • Бүгін, 08:22
Сақтандыру нарығында көрсеткіштер өскен
Экономика • Бүгін, 08:20
Әуежайдағы жарылыстың себебі белгісіз
Әлем • Бүгін, 08:18
Солтүстікке көшіп келушілердің жағдайымен танысты
Аймақтар • Бүгін, 08:15
Режиссерлерге тең мүмкіндік берілуге тиіс
Кино • Кеше
Шабындық... бірде көл, бірде шөл
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар